Мысырлықтар Қазақстанның астананы көшіру тәжірибесін үйреніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырлықтар Қазақстанның астананы көшіру тәжірибесін үйреніп жатыр

15.03.2016
Мысырлықтар Қазақстанның астананы көшіру тәжірибесін үйреніп жатыр

Шетелдік қонақтардың елордаға келуінің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының елорданы ауыстыру бойынша тәжірибесін үйрену, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тура бір жыл бұрын министр М. Мадбули барша әлемге Каирден шығысқа қарай орналасқан Мысырдың жаңа астанасын салу туралы жоспарды таныстырған болатын. Қала халқының көптігі ел астанасын ауыстыруға себеп болып отыр. Жаңа астана - Каирдің жалғасы ретінде жаңадан салынады.

Астана әкімі мысырлық делегацияға елорданың өз тәжірибесімен қуана бөлісетінін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу