Елбасының астананы көшіру туралы тарихи шешімі сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының астананы көшіру туралы тарихи шешімі сахналанды

12.11.2018

Қойылымда 1994 жылдың 6-шы маусымы мен 6-шы шілде аралығы қамтылған. Нұрсұлтан Назарбаев сол айда жаңадан қала тұрғызу жайын жан-жақты қорғап, көш басын Арқаға бұруды айтты. Алайда, қиын-қыстау уақыттағы мұндай ұсынысқа қарсылық танытқандар аз болмады. Міне, осы жағдай «Астана» атты публицистикалық драмада кеңінен баяндалады. Шығармада Мемлекет басшысының болашақты болжай білетіні әрі мақсат-мұраты жолында табандылық танытатыны туралы көрсетіледі. Бұл қойылым ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымының еңбегі.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу