Жапония студенттері күлімдеуді қайта үйреніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония студенттері күлімдеуді қайта үйреніп жатыр

05.06.2023

Жапония студенттері пандемия кезіндегі маскасын енді тастап, жымиюды қайта үйреніп жатыр. Сол үшін Токиодағы Көркем өнер және дизаин институтында күлу сабағы өткізіле бастады.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, жапондықтардың 55 пайызы әлі күнге дейін маска тағады. Сондықтан кейінгі жылдары жүзін толық көрсетпеген, бетінің бұлшық еттерін қозғалтпаған адамдар аз емес. Тұрғындардың көбісі осындай дәрістерге барып, адамдарға күлімдеп қарауды қайта меңгеріп жүр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу