Қазақстанның мәдени орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мәдени орталығы салынады

29.03.2014
Қазақстанның мәдени орталығы салынады

Қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен бұдан былай еуропалықтар етене таныс болады. Өйткені, Германияның Айфель аймағында Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді. Мемлекеттік қорықтың 39 гектарына орталық тұрғызуға жариялаған неміс үкіметінің грантын қазақ кәсіпкері Жанна Штрак ұтып алды. Қандасымыз жергілікті жердің депутаты, әрі Қазақстан, Орталық Азия елдерімен мәдени байланыс орнататын қоғамдық ұйымның басшысы. Көпұлтты Қазақстанның тәжірибесін әлемге үлгі ететін «Еуразия» ордасының қағаздағы нобайы қазір дайын. Инвесторлар табылса, құрылыс жақын күндері басталады. Кәсіпкердің айтуынша, онда салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттайтын орталықтан бөлек, 300 демалыс орны мен спорттық алаңдар салынады.

 
Жанна Штрак, «Eifel&More Kompanie»компаниясының президенті:
Қасымызда 90 шақырым жерде Кельндегі қазақтарымыз бар. Өсіп келе жатқан жастардың көбі тіл білмейді. Сол орталықта тіл үйретін боламыз. Осы жақтағы немістер де, қасымдағы әріптестерім де балаларына қазақша үйреткісі келеді. Жергілікті немістер осы жерден тіл үйреніп, Қазақстанға барып, балаларымызды оқытамыз деп отыр.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу