Әлемдегі ерекше балкондар (ФОТО)
Балкон-хауыз (бассейн)
Мумбайдағы «Aquaria Grande» ғимаратының балкондары – хауыз. Ғимарат тұрғындары далаға шықпай-ақ, хауыз-балконнан қаланың көрікті жерлерін тамашалай алады.

Жерастында орналасқан балкон
Жапониялық архитектор Юкихару Судзуки дөң үстінде орналасқан үйдің балконын жер астынан шығарған.

Балкон-шынаяқ
Жапониялық «Niimi» компаниясы ұсынған жарнамалық шынаяқ-балкондар тұрғын үйге ерекше көрік береді. «Шай өнімдерін сататын компанияның бұл идеясы көңіл күйді көтереді», дейді тұрғындар.

Балкон-автотұрақ
Германиялық архитекторлар автотұрақ мәселесін шешті. Балкон-гараждар темір тұлпарларды тура пәтер терезесінің алдына қоюға мүмкіндік береді. Автокөліктер арнайы лифт арқылы шығарылады.

Балкон-гамак (жату үшін ағашқа я бағаналарға керіп байланған аспалы тор)
Өте қауіпті идея болғанымен, бұл балкондар таза ауа аясында кітап оқып, демалуға лайықталған.

Суреттер: billionnews.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы