Елордалық «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» клубы футболдан ҚР Суперкубогын сарапқа салды.
Биылғы жылы Кубокты алматылық команда иеленді. Матчтың негізігі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, ойын тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Оның қорытындысы бойынша «Қайрат» 5:4 есебімен ұтты. Шешуші голды Лукаш Тесак соқты.
Еске сала кетейік, осы екі клуб былтыр да футболдан Қазақстан Суперкубогын сарапқа салып, ол кезде елордалық «Астана» жеңіске жеткен еді.
Фото: Vesti.kz