Астанада «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымының премьерасы өтті

10.12.2014
Астанада «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымының премьерасы өтті

Астанадағы «Қаллеки» театры  «Астана – нашақорлықсыз қала» акциясы аясында Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» пьесасының желісі бойынша «Қөлеңкесіз жолаушы» қойылымының премьерасын өткізді. Қоюшы режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н. Жұманиязов.

Спектакль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен театрсүйер қауымға тегін ұсынылды.

Қойылымда басты рөлдерді ҚР Халық әртісі Т.Мейрамов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ж.Мейрамова, М. Омар, Б.Молдабаев, Н.Өтеуілов және тағы басқа актерлар сомдады.

 Айта кетейік, туынды ертең де көрермендер назарына ұсынылатын болады. 

Хабарламаларға жазылу