3 ақпан күні әлі де фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның көптеген аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі, тек республиканың солтүстігінде, оңтүстік және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіліп, түнде тұман болады, күндіз Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын күтіліп, тұман, жел 15-20 м/с болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.