Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.
Онкүндіктің мерекелік ашылу рәсімі республиканың барлық білім беру ұйымдарында 2016 жылғы 2 ақпанда өтеді. Онкүндіктің барысында семинарлар, кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балалар шығармашылық байқаулары, қайырымдылық акциялар, кинотеатрларға, ойын-сауық орталықтарға, спорттық кешендерге бару, ата-аналардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бадарламасы барлық білім беру деңгейлерінде, мектепке дейінгі деңгейден бастап, жоғарғы білім беру кезеңіне дейін енгізілді. Алғаш рет, мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы – С.А. Назарбаева ұсынды.
Аталған бағдарлама оқушылардың тұла бойындағы шығармашылық әуелетін толық әрі жан-жақты іске асыруға, жаһандану жағдайында өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін өмірлік және білім беру стратегиясын қоғамдағы ауқымды әлеуметтік маңыздылықты меңгеруге ықпал етеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.