24 қаңтар – халықаралық эскимо күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 қаңтар – халықаралық эскимо күні

24.01.2016
24 қаңтар – халықаралық эскимо күні

24 қаңтар күні тәтті мейрам – халықаралық эскимо күні тойланады. Дәл осы күні 1922 жылы Онава қаласында (Айова штаты, АҚШ) кәмпит дүкенінің иесі Христиан Нельсон эскимоға патент алған.

Эскимо – шоколад глазурімен қапталған таяқшадағы кілегей балмұздағы. Негізінен оның тарихы 2 мың жылдан асады, кейбір пікірлер бойынша, көне Рим императоры Нероннің өзі осындай десертті жақсы көрген.

Әрине, эскимо жай ғана балмұздақ емес, ол уайымсыз өткен жаз күндердің, жайбарақат бала кезінің нышаны.

1930-ы жылдары эскимо балмұздағын тамсанып жейтіндер көбейіп, олардың саны әлі күнге дейін азайған жоқ.

Бұл балмұздақ түрі әсіресе Кеңес үкіметі кезінде өмір сүрген адамдарға жақын. Себебі сол кезде оны денсаулыққа пайдалы, сергіткіш десерт деп атаған. Тіпті, балалардың қуанышына орай, нағыз Кеңес Үкіметінің адамы жыл сайын эскимоның 50 килограммын жеу керек деген әңгімелер шығатын.

Эскимо жасау өндірісі КСРО кезінде Мәскеуде қолған алынған болатын. 1937 жылы Мәскеу комбинатында тәулігіне 25 тонна балмұздақ шығаратын  зауыт ашылған. Арнайы жарнамалаудан кейін бұл балмұздақ балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті тәттісіне айналды.

Кейінірек, эскимоның түрі мен құрамы өзгере бастады. Цилиндр іспеттес эскимолардың орнына дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш және тағы басқа фигуралы балмұздақтар шықты. Оларды кілегейден ғана емес, сүт және сүтті тағамдардан да жасай бастады. Бұрын нағыз шоколадпен жабылған балмұздаққа неше трүлі майлар мен бояғыш заттар қоса бастады.

Қандай эскимо сізге ұнайтынына қарамастан, осы күні оны ерекше бір мағынамен жеп көріңіз. Оны дүкеннен сатып алмай –ақ, тіпті үйіңізде де жасап көруіңізге болады.

Хабарламаларға жазылу