Сенат сайлауы: Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну басталады
Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну ертең 18:00-де басталады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы, соңғы 10 жылда елде тұрған, жасы 30-дан асқан болуы керек. Сондай-ақ, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болып, оны ұсынған аймақта кемінде 3 жыл тұруы тиіс. Сенат сайлауына еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат ұсынылады. Сенат депутаттарының сайлауы екі әдіс бойынша өтеді. Біріншіден, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихат өкілі арқылы кандидатураларды ұсынады. Екіншіден, үміткерлер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатыса алады. Сенат сайлауы 2023 жылдың 14-ші қаңтарында өтеді.
Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 19 күнге созылады. Ол кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап, сайлауға бір күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-де аяқталады. Яғни, үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсан күні сағат 18:00-ден келер жылғы 13 қаңтар күні 24:00 сағатқа дейін өтеді.
Ламбриан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
20.01.2026, 18:03
Жалғыз тұратын қарттардың ауласы қардан тазаланды
20.01.2026, 17:39
«Қайрат» - «Брюгге»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей көрсетеді
20.01.2026, 17:37
«Pekin Express» телешоуының тағы бір маусымы Қазақстанда түсірілуі мүмкін
20.01.2026, 17:30
АҚШ-та жүзден аса көлік соқтығысқан
20.01.2026, 17:27
Ресейде алаяқтар көбейіп кеткен
20.01.2026, 17:24
Салық жүйесі сервистік форматқа ауысты
20.01.2026, 17:21
Рәміздер туралы заңға жаңа нормалар мен ережелер енгізіледі
20.01.2026, 17:18