«Жайдарманда» қандай жаңалық болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайдарманда» қандай жаңалық болмақ?

23.01.2014
«Жайдарманда» қандай жаңалық болмақ?

Жақында «Жайдарманның» жаңа маусымы басталмақ. Осыған орай «Таңшолпанның» студиясында «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті – Есен Елеукен қонақта болды.

 
«Биыл оныншы маусымның тұсауын кеспекпіз. 26 қаңтар күні тіркелу, 27-28 қаңтар күні бірінші кезең, 28-29 күндері екінші кезең. Ал 31 қаңтар – 1 ақпан күндері гала-концерт болады. Бұл маусымның тақырыбы – «Әдебиет маусымы». Көрерменді күлдіру үшін, оның ығына жығыла беруге де болмайды. Біз де көрерменді тәрбиелеп отыруымыз керек»,-дейді Есен Елеукен.
 
«Біздің жеке сайтымыз бар. Сол сайтқа тіркелген командалар ғана маусымға қатыса алады. Күні кеше 292 команда тіркеліпті. Тіркелу уақыты ертең кешкі сағат 18.00-де аяқталады».
 
«Биылғы маусым сайыстарын да Ұлттық телеарна көрсетеді. 15 ақпаннан желтоқсанның ортасына дейін  24 бағдарлама ұсынылады».
 
«Жайдарманның» биылғы жаңалығы қандай? Бұл туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу