31 қаңтар - Халықаралық зергерлер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 қаңтар - Халықаралық зергерлер күні

31.01.2017
31 қаңтар - Халықаралық зергерлер күні

31 қаңтар, сейсенбі, 2017 жыл

Халықаралық зергерлер күні

ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1910-1988) қазақстандық геолог, металлогения саласының маманы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Социалистік Еңбек Ері СМИРНОВ Владимир Иванович дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1944) экономика ғылымдарының докторы, профессор ЖАТҚАНБАЕВ Ержан Байғожаұлы дүниеге келді.

69 жыл бұрын (1948-2008) жазушы-драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстан Республикасы Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты МҰҚАЙ Баққожа дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1951) тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-методикалық бөлімінің бастығы, Теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасының профессоры ОРЫМБАЕВ Сәкен Тиесұлы дүниеге келді.

 

 

Хабарламаларға жазылу