24-25 қаңтар күні «Romeo & Juliet» алғаш рет қуыршақтар бейнесінде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24-25 қаңтар күні «Romeo & Juliet» алғаш рет қуыршақтар бейнесінде көрсетіледі

21.01.2019

Алматы қаласының  Мемлекеттік қуыршақ театры «Romeo & Juliet» премьерасына шақырады.

Махаббат бар жерде машақатқа да орын табылады. Әулет пен тобырдың кесірінен қаншама махаббатқа толы тағдырлар құрбан болды. Ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің әйгілі «Romeo & Juliet» оқиғасын суреттейтін трагедиясы елімізде алғаш рет қуыршақтар бейнесінде Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында  24-25 қаңтар аралығында көрерменге жол тартпақ.

Аталмыш қойылымдағы басты кейіпкерлерді сахналау үшін жас өнерпаздар Шоқан Құлназаров, Ғалым Амангелдіұлы мен Салтанат Төребай бекітілді.

Театр актерлері «Tansholpan» бағдарламасының қонағы болып, қойылымның ерекшелігі, қызықты жайттарымен бөлісті.

 

Толық нұсқасы

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу