21 қаңтар - Достық құшақтың халықаралық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 қаңтар - Достық құшақтың халықаралық күні

21.01.2017
21 қаңтар - Достық құшақтың халықаралық күні

21 қаңтар, сенбі, 2017 жыл

Достық құшақтың халықаралық күні

Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.

Қазақстан, Ресей, Беларусьтің инженерлік әскері күні.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

85 жыл бұрын (1932) «Казахстанская правда» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.

26 жыл бұрын (1992) Орал ғылыми орталығы құрылды.

22 жыл бұрын (1995) Қазақстанда «Іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.

17 жыл бұрын (2000) Ақтөбе қаласында «Алтын Орда» республикалық тәуелсіз апталық газеті шыға бастады.

20 жыл бұрын (2007) Алматыдағы Магнитогор көшесі актер, КСРО-ның халық әртісі  Ыдырыс Ноғайбаевтың атына өзгертілді.

9 жыл бұрын (2008) Таразда тұсаукесері салтанатты жағдайда өткен қалалық мұрағат ашылды. 

7 жыл бұрын (2010) павлодарлық Достық үйінде «Жеңіс сарбаздары» циклынан алғашқы фото деректі көрме ашылды.

6 жыл бұрын (2011) Қазақстанда «Hyundai» жүк көліктері мен автобустарын құрастыратын зауыт ашылды.

155 жыл бұрын (1862) Адам Опель Рюссельхаймде (Германия) тігін машинасын шығаратын фабрика ашты. 1886 жылы компания велосипед шығара бастады, 1899 жылы көлік шығарып, компания аты әлемге танылды.

 

ЕСІМДЕР

267 жыл бұрын (1750-1813) батыр, әулие, ағартушы, сәулетші БЕКЕТ АТА Мырзағұлұлы дүниеге келді.

83 жыл бұрын (1934) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   ЕСЕНТҮГЕЛОВ Арыстан дүниеге келді. 

71 жыл бұрын (1946) «Ана тілі» баспасының директоры ДӘУРЕНБЕКОВ Жақау дүниеге келді.

51 жыл бұрын (1966) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері ӘБДІРАЙЫМОВ Фархат Нұрсұлтанұлы дүниеге келді.

112 жыл бұрын (1905-1957) көрнекті француз дизайнері-модельері  Кристиан ДИОР дүниеге келді. 

103 жыл бұрын (1914) бүкіл әлемге танымал итальян теноры  Пласидо ДОМИНГО дүниеге келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу