Е.Досаев Тұрғын үй жинақ банкі салымшыларына төленетін өтемақы көлемін атады
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Тұрғын үй жинақ банкінің салымшыларына өтемақы төлеу жүйесін жасақтап болдық. 20 тамызға тіркелген сома 171 млрд теңгені құраған. Бұл сол кезде болған салымдар», - деді ол тілшілерге берген жауабында.
Министрдің мәліметтері бойынша, өтемақы көлемі 60,9 млрд теңгені құрамақ. 2016-2017 жылдары оның 24 млрд теңгесі банктің жеке табыстары есебінен өтеледі. 36,9 млрд теңге биыл және келесі жылдары Үкімет резервтерінен бөлінеді.
«Тиісті шешім Экономикалық саясат кеңесінде қабылданды. «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Тұрғын үй жинақ банкімен бірлесіп, Үкімет аясында тиісті шешімдер жасақталуда. Өтемақы төлеу екі траншпен: 2016 жылдың шілде айында және 2017 жылдың қазан айында жасалады», - деді Е. Досаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06