Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриялды аймақ құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриялды аймақ құрылады

08.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриялды аймақ құрылады

Сонымен қатар, шағын бизнестің өркендеуіне ықпал етіп,  шикізат экспорты артуда. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, облыс шеңберінде 11 индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде бүгінде Шымкент қаласындағы 337 га, Түркістандағы 40 га және Созақ ауданындағы 50 га болатын индустриялды аймақтарда инфрақұрылым тартылып тиісті жұмыстар басталды.

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриялды аймағында жалпы құны 73,7 млрд.  теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 5 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 71 жобаның 35-і іске қосылып, 2,8 мың адам еңбекпен қамтылған. Жүзеге асқан жобаларға 18,2 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.

Ал аудан, қалалардағы индустриялды аймақтарда орналастыруға 1,5  млрд. теңгені құрайтын, 79 инвестициялық жоба мақұлданып отыр. Онда 8 мың 621 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 5 жоба іске қосылып, 571 азамат жұмыспен қамтылған.

Өңірде индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 869 млрд. теңгені құрайтын және 19,9 мың жұмыс орнының ашылуымен 115 жоба жүзеге асырылуда. 2015 жылы инвестиция көлемі 44,6 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба іске қосылған.

Хабарламаларға жазылу