Басты Жаңалықтар Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні

Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні

Бүгін - Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні

Бүгін – әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың туған күні.

Дара талантымен дүйім жұртты тәнті етіп, кәсіби шеберлігімен танылған сахна саңлағы - қазақ өнеріндегі бірегей тұлғалардың бірі. Ол - ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың қатарында.

Бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында кесек образдар галереясын жасауға мүмкіндік берді.

Театр сахнасындағы алғашқы қадамы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Сырым, «Еңлік-Кебекте» Кебек рөлдерінен басталды.  

Құрманбек Жандарбеков - қазақ операсының дамуына да елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі. Үздік опералық партияларының бірі «Қыз Жібек» операсындағы Бекежан рөлі.

Ал, дара талант иесінің кино әлеміне қосқан үлесі қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Бөлісу