110 жыл бұрын Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

110 жыл бұрын Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді

04.01.2017
110 жыл бұрын Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді

4 қаңтар, сәрсенбі, 2017 жыл

110 жыл бұрын (1907) Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 4 қаңтар - 27 сәуір аралығында небәрі 31 саны шықты. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді.

17 жыл бұрын (2000) Қазақстан Есiрткi заттар бойынша комиссияға мүше болды (ЕЗК). ЕЗК БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтiк кеңесінің 1946 жылғы қарарымен құрылған. Комиссия БҰҰ-ның жүйесінде орталық орган саналады. Ол халықаралық есiрткiні бақылау төңiрегiндегі халықаралық бiрлестiктiң саясатын анықтайды. ЕЗК БҰҰ-ның басқармасына ұсыныс беру ғана емес, жеке елдердің есiрткiге қарсы қызметінің сұрағы бойынша кепілдемелер беруге құқылы. Оның құзырына бұдан басқа, тиiстi халықаралық құжаттардың әбден жетiлдiруi бойынша ынталы жұмыстары кiредi.

11 жыл бұрын (2006) Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлы туралы «Баукең туралы толғаныстар» атты публисцистикалық очерктер мен әңгімелер жинағы шықты. Оған Қазақстанның белгілі жазушылары Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықовтың және әр жылдары Б.Момышұлымен кездескен белгілі жерлестері Елен Әлімжанов, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулеттің шығармалары жинақталған.

57 жыл бұрын (1959) Луна-1 (СССР) Ай маңына жеткен алғашқы ғарыштық аппарат болды.

79 жыл бұрын (1938) актриса, Қазақстанның халық әртісі Әсия АБЫЛАЕВА дүниеге келді. Алматы облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1964 жылдан бері С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында өнер көрсеткен. Актриса осы театр сахнасында Қарагөз (М.Әуезов «Қарагөз»), Баян, Ұлпан (Ғ.Мүсірепов «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», «Ұлпан»), Шұға (Б.Майлин «Шұға»), Анар (О.Бөкей «Құлыным менің»), Алтынай (Ш.Айтматов «Алғашқы мұғалім»), Таңқабике (М.Кәрім «Ай тұтылған түн»), Қыз (Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер»), Катарина, Леди Макбет (Шекспир «Асауға - тұсау», «Макбет»), Медея (Еврипид «Медея») бейнелерін сомдаған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Хабарламаларға жазылу