«Астана Опера» театры Жаңа жылды жаңа ертегілік спектакльдермен қарсы алмақ. Дәстүр бойынша мерекелік репертуар П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетінен басталады.
Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш қойылымды 3-і және 5-ші қаңтар күндері тамашалай алады.
Сонымен қатар, жас көрермендерді 4, 6, 8 қаңтарда болатын «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған бірегей музыкалық спектаклінің тұсаукесері қуантады.
Режиссер Наталья Кагадий жетекшілік ететін «Астана Опера» театрының Балалар студиясы әртістері ұсынған бұл қойылым Беларусь Республикасында өткен «Куршинале-2015» Халықаралық Өнер олимпиадасының I дәрежелі дипломын жеңіп алған. Спектакльге тек Балалар студиясының әртістері ғана емес, театр солистері де қатысады.
Ал, көрермендер сахнада болып жатқан қилы хикаяларға қатысады, деп хабарлайды astanaopera.kz.