13 наурызда Астанада М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсы қойылады
Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының ресми сайты.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концертте отандық симфониялық музыкалар және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалмақ.
«Астана Опера» театры баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсы жас ғашықтардың трагедиялық махаббаты туралы көне аңыздан алынған XIII-XIV ғасырлардағы лиро-эпостық поэмасының желісі негізінде жазылды.
Опера музыкалық кештің бірінші бөлімінде ұсынылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21
Ертіс өзенінде майлы дақтар пайда болған
17.03.2026, 13:15
Павлодар өңірінде 58 елді мекенді су басу қаупі бар
17.03.2026, 13:12
«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
17.03.2026, 13:09
Астанада 3 мың оқушы бір уақытта асық ойнады
17.03.2026, 13:06
1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
17.03.2026, 13:03
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
17.03.2026, 13:00
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
17.03.2026, 10:30