«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын балалар мерекесіне арнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын балалар мерекесіне арнайды

31.05.2016
«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын балалар мерекесіне арнайды

«Таңшолпан таңдайды» байқауының жеңімпаздары  көркем гимнастикадан өнер көрсеткен 8 жастағы Айым Мейіржанова, Тұманбай Молдағалиевтің «Қазақ деген халықтың баласымын» өлеңін мәнерлеп оқыған 9 жастағы Саяжан Жақсығалиева және 3 таңбалыға дейін ауызша есеп шығара білетін 5 жасар Нұртас Мақсұтханұлы ертең таңғы бағдарлама қонақта.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында маусым айында балаларға арналған қандай іс-шаралар өткізіледі? Кімдер өнер көрсетеді? Балалармен қандай мамандар жұмыс істейді? Билеттердің бағасы қаншалықты қолжетімді болады? Кішкентай балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген қызығушылығы қалай?  Бұл сауалдарға ертеңгі бағдарламада «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры Әдеби-музыкалық департаментінің жетекші редакторы Төлеген Төлеутайұлы жауап бермек.

Сондай-ақ, таңғы бағдарламада әншілер Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева қонақта болып, «Жүректесің» әнін шырқайды.

Ертеңгі «Таңшолпан» бағдарламасынан қазақ киносындағы балалар образы, балаларды түрлі мамандыққа баулитын заманауи қалашық, ғаламторда  танылған ерекше балалар, баланы спортқа баулудың 5 әдісі: аналарға кеңес және бүгінгі бала нені армандайды, балалар қандай ән айтып жүр, деген сауалдарға жауап таба аласыз.

Хабарламаларға жазылу