«Астана Операда» «Қарагөз» балеті сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операда» «Қарагөз» балеті сахналанады

13.03.2015
«Астана Операда» «Қарагөз» балеті сахналанады

Махаббат пен адалдық, бақыт құшу мен кейіпкер өлімі – балеттік спектакльдің негізі.

Басты партияны «Астана Опера» театрының солисттері сомдайды.

Қарагөз рөлінде Әнел Рүстемова; Сырым партиясында Арман Оразов; Наршаны ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов билейді; Мөржан – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина.

Ғазиза Жұбанованың авангардтық музыкасы өзінше бір төбе. балетке музыкалық редакция жүргізген «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі - Абзал Мұхитдинов. Дирижер – Арман Оразғалиев.

Хабарламаларға жазылу