29-30 қазанда Астанада  Ақмола облысының күндері өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29-30 қазанда Астанада  Ақмола облысының күндері өтеді (ВИДЕО)

27.10.2016
29-30 қазанда Астанада  Ақмола облысының күндері өтеді (ВИДЕО)

29-30 қазанда Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысының күндері өтеді. «Хан Шатыр» СОСО аумағындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың 19 ауданы мен «Есіл» ӘКК» ҰК АҚ кәсіпорындары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер қатысады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты мәдени бағдарлама ұсынбақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

29 қазанда сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында М.Шахановтың «Шыңғысхан» спектаклі қойылады.

Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуеліздігінің 25 жылдығына орайластырылған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ ақын, драматург, жазушы Құдайберді Мырзабектің «Жанымның мәңгі көктемі» атты шығармашылық кеші өтеді.

30 қазанда сағат 16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында Ақмола облыстық филармониясының «Жер жұмағы - Көкшетау, Ел тұмары  - Астана» атты концерттік бағдарламасы ұсынылады. Осы күні сағат 18:30-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры Т.Ахметовтың «Шәкәрім» спектаклін көпшілік назарына ұсынады.

Хабарламаларға жазылу