«Астана Опера» театры балаларға арналған қайырымдылық концертін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театры балаларға арналған қайырымдылық концертін өткізеді

28.03.2015
«Астана Опера» театры балаларға арналған қайырымдылық концертін өткізеді

29 наурыз күні, сағат 12:00-де «Астана Опера» театрында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық концерті өтеді.

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Жас тыңдармандарға С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қойылмақ.

Сондай-ақ, елордалық театрға саяхат ұйымдастырылып, дастархан жайылады.

 «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі - музыка әлеміне еліктіріп әкететін танымдық саяхат. Қызықты сюжетте басты кейіпкер пионер Петяның басынан кешкен оқиғалары музыкалық аспаптардың аккорды мен дыбыстары арқылы баяндалады.

Дирижер - Руслан Баймұрзин. Мәтінді оқитындар - Сәуле Мәулетова және Төлеген Назарбеков.

Айта кетейік, балаларға арналған қайырымдылық кеші Халықаралық театр күніне орйластырылған.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу