Кереку-Баян өңірінің ақын-жазушылары Павлодар облысы әкімінің атаулы сыйақысымен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кереку-Баян өңірінің ақын-жазушылары Павлодар облысы әкімінің атаулы сыйақысымен марапатталды

29.12.2015
Кереку-Баян өңірінің ақын-жазушылары Павлодар облысы әкімінің атаулы сыйақысымен марапатталды

Жаңа жыл мерекесін тойлау қарсаңында аймақ басшысы Қанат Бозымбаев әдебиет саласындағы қайраткерлерді облыс әкімінің атаулы сыйақысымен марапаттады, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті жазушылар, сіздерге Павлодардағы Ертіс өңірінің әдеби құндылығын сақтау және арттыру, өскелең ұрпақтың Отанға, туған жеріне, ана тілі және мәдениетіне деген сезім ұялату ісінде ерекше жауапкершілік артылып отыр. Жазушылар одағының облыстық филиалы шығармашылық зиялы қауыммен, жас ақын-жазушылармен белсенді жұмыс атқарып, Павлодардағы Ертіс өңірінің танымал ақын-жазушыларының мерейтойларына арналған іс-шараларды өткізуге атсалысып тұратыны үшін алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Өңір басшысының 200 мың теңге көлеміндегі атаулы сыйақысымен марапатталғандардың тізімі:

Солтанбаев Зекебай Солтанбайұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Баянауыл ауданы;

Ақын Алақанұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Баязитов Сүлеймен Баязитұлы - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Байболсынов Сайлау Әшенұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Жүсіп Қуандық Пазылұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Жұматов Ғалымбек Сағымбайұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Қадырова Жанаргүл Әбдікәрімқызы - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Қани Арман Бақтанұлы - ақын, Павлодар облысы Жазушылар одағының төрағасы;

Қоғабай Жұмағали Бижанұлы - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Поминов Юрий Дмитриевич - прозашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

Семерьянов Виктор Гаврилович - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

 

 

Хабарламаларға жазылу