Қызылордалықтар Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап ас берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалықтар Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап ас берді

07.02.2014
Қызылордалықтар Фариза Оңғарсынованың рухына бағыштап ас берді
Қызылорда облысының әкімдігі Алаштың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсыноваға ас беріп, рухына құран бағыштады.
 
Еске алу шарасына жиналған Сыр өңірінің ақын-жазушылары ақиық ақынға арнау арнап, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, көпшілік назарына жауһар жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның шығармашылық  өмірінен қысқаша бейнематериал ұсынылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев: «Елі тұрғанда Фариза ақынның есімі ешқашан өшпек емес», - деді.

Хабарламаларға жазылу