Б.Байбек Кереку өңірінің тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Байбек Кереку өңірінің тұрғындарымен кездесті

18.02.2020

Павлодардың түбіндегі Новочерноярка елді мекенінде пеш жағып, күл шығарып отырған көпқабатты үй тұрғындарының 20 жылдан бергі мәселесі шешілетін болды. Кереку өңіріндегі басқа да қордаланған түйінді түйткілдер «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды. Аймаққа барған Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жергілікті тұрғындармен кездесіп, шағымдарына құлақ түрді. Павлодардың іргесіндегі Новочерноярка ауылындағы 16 үй апатты деп танылған. Әйтседе мұнда 800-ге жуық адам тұрып жатыр. Көп қабатты үйдің тұрғындары пәтер ішінен пеш жағуға мәжбүр.   

Жергілікті билік қолдан келгенді жасағанымен, нәтиже болмады. Енді бұл мәселенің оң шешілуін «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алмақ. Шағын ауданда суағарлар салып, кәріз жүйесін тартуға 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінбек. Қаражаттың мақсатты жұмсап, істі аяғына дейін жеткізуді Бауыржан Байбек мықтап тапсырды. Өңірдегі өткір мәселелер бұдан кейін партия филиалының кезектен тыс сессиясында талқыланды.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу