Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды
Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті.
- Бүгінгі кездесу Ертіс-Баян өңірінің халқы үшін естен кетпес тарихи оқиға. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Олжас Омарұлы 80 жасқа толып отыр. Облыс алдында сіңірген еңбегіңіз үшін сізді Павлодар облысының құрметті азаматы атағымен марапаттауға рұқсат етіңіз, - деді аймақ басшысы Б. Бақауов.
Сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев О. Сүлейменовті мерейтойымен құттықтап, Олжабай бабасының суреті мен кітаптарды сыйға тартты.
Айта кетерлігі, шара барысында білім ордасында Олжас Сүлейменов атындағы аудитория ашылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05