Не үшін түнде смартфон қолданбау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Не үшін түнде смартфон қолданбау керек?

19.12.2015
Не үшін түнде  смартфон қолданбау керек?

Бүгінде ересектермен қатар кішкентай балалар да смартфон қолданады. Сондай-ақ, түнгі уақытта смартфон пайдаланатындар да бар.

Мамандар әсіресе түнде телефон қолданбауға кеңес береді. Себебі смартфон жарығының әсерінен ми стреске түседі. Негізі, бұл уақытта ол ұйқыға дайындалуы керек. Ал, гаджет жарығы миға күн сәулесі сияқты әсер етеді.

Мұндай кезде ағза қандай жағдайда болады?

  • Мелатонин өндірісі тоқтап, демалыс және энергияны қалпына келтіретін гормон ритмі мен ұйқы тәртібі бұзылады. Зат алмасу процесі нашарлап, соның салдарынан түрлі ауру пайда болады.

Мысалы, адам күнде ұйықтар алдында смартфоннан жаңалықтар қарап, хат жазып, ойын ойнаса, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ұйқы қанбаған жағдайда ағза басқа уақытта демалуға тырысады.

  • Смартфонның көгілдір сәулесі мелатонин өндірісіне кедергі жасауымен қауіпті. Адамның депрессияға түсуі де сондықтан.

  • Мелатониннің бүлінуі гормонға да әсер етуі мүмкін. Соның салдарынан артық салмақ ауруы пайда болады.

 

  • Зерттеу дәлелдегендей,  денеге үнемі экранның көгілдір сәулесінің түсуі - омырау қатерлі ісігі мен простатит  ауруларының қаупін жоғарылатады.

 

Ал, офтальмологтар түнде смартфон қолбандау керек екенін айтады. Осылайша, катаракта мен көздің ішкі қабығы зақымдануының алдын алуға болады.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Хабарламаларға жазылу