Басты Жаңалықтар «Инстаграм» қауіпсіздік талаптарын күшейтті

«Инстаграм» қауіпсіздік талаптарын күшейтті

«Мета» компаниясы қауіпсіздік ережелерін күшейтті. Егер кәмелет жасқа толмаған қолданушы іздеу жолағы арқылы суицид немесе өз-өзіне зақым келтіру туралы контентті «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы бірнеше рет іздесе, оның әке-шешесіне хабарлама келеді. Жаңа талаптар жүзеге асуы үшін жас жеткіншектің смартфонына ата-ана бақылауы функциясы орнатылуы тиіс. Ескерту электронды пошта, ватсап арқылы жолданады. Бұдан бөлек баламен сезімтал тақырыпты қалай талқылауға болатыны туралы пайдалы ресурстарға да сілтеме жіберіледі. Әлеуметтік желілердің балалардың психикалық денсаулығына ықпалы туралы сын күшейген соң «Мета» осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Жаңа функция алдымен АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және Канадада іске қосылмақ. Кейін ол басқа елдерде де қолжетімді болады. Жалпы соңғы уақытта Еуропаның бірқатар елі өскелең ұрпақтың әлеуметтік желілерді 16 жасқа дейін пайдалануына шектеу енгізуді ұсынып жүр.

Франческа Писану, Eurochild ұйымының заңгері:

Егер балалар әлеуметтік желіде көп отыратын болса және ақпараттың рас-өтірігін ажырата алмаса, сол қайғы. Біз оларды бұл қауіптен қорғауымыз керек.


Бөлісу