Басты Жаңалықтар Конституция жобасы – келешек кепілі

Конституция жобасы – келешек кепілі

Ұсынылған жаңа Конституция жобасы еліміздің ұзақмерзімді дамуымен сабақтастырыла жазылған. Тағы бір бағыты тұрақты даму арқылы  болашақ бірнеше буынның әлеуметтік тқрғыдан қорғалуы мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамсыз ету дейді тұрғындар.

Сауалнама:

- Мына 30 баптың 4-ші тармағында кез-келген ҚР ның кәмелетке толған азаматы өзінің зейнет жастағы үйіндегі әке-шешесіне қамқор болуға міндетті деген заң ұнады. Бұл біздің о бастан ата дәстүріміздегі қалыптасқан жағдай еді ғой. Енді оны заңдастырып жатқаны құба-құп.

- Маған қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау нормасына ерекше басымдылық берілуі қатты ұнады. Біз өндірісті өңірде тұрып жатырмыз. Бұл жерде атмосфераға түрлі қалдықтар қатты әсер етеді. Соларды болдырмау үшін алғаш рет Ата заңда нақты нормалар бекітіліп отыр.  Бүл біздер үшін ғана емес, экологиялық қауіпсіздік пен табиғи ресурстарды қорғауға болашақ кепілдігі болады деп ойлаймын.

- Жаңа конституция жобасының мәтіні адам құқықтарына негізделген. Оның ішінде еңбек нарығын реттеуге, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бақытталған. 27 бабында әр адамның еңбек жолын өзі таңдауға құқығы бар екені нақты бекітілген. Бұл жобаларды құптаймын, келісемін.
Бөлісу