Бельгияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Бельгияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Еліміздің осы мемлекеттегі Елшілігі «Қазақ туризм» ұлттық компаниясымен бірігіп Брюссельде отандық және шетелдік туроператорлардың кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық турагенттік өкілдері көпшілікке Қазақстанға саяхаттаудың қыр-сырын баяндап, экотуризм, шытырман оқиғалы туризм бағыттарын кеңінен таныстырды. Апорт пен қызғалдақтың Отанын, жылқы малы алғаш қолға үйретілген мекенді көруге былтыр елімізге 12 млн турист барған. Оның алты мыңы Бельгиядан. Бір жылда 15 пайызға өскен саяхатшылардың санын одан әрі көбейтуге қос елдің турагенттіктері күш салмақ. Бетпе-бет кездесу кезінде тараптар ынтымақты нығайтуға уағдаласты.
Дерия Сойсал, «Kazakh tourizm» ҰК Бельгиядағы туризм елшісі:
Қазақстан әлемдегі ең әдемі елдердің бірі. Дегенмен оның туристік әлеуеті әлі бағаланбаған. Қазақстанда әсем таулары бар Алматы, тарихи шаһар Түркістан, дәмді тағамдармен жүректі баурайтын Шымкент, соңғы үлгіде салынған Астана, Каспий теңізінің жағалауындағы әсем Ақтау орналасқан. Еуропалықтарға осының барлығын жарналамауымыз керек.
Стефан Эстер, бельгиялық туристік агенттіктің өкілі:
Елдеріңізде мәдени, табиғи туризм, шытырманға оқиғаға толы туризм, жалпы туристік әлеуеттеріңіз зор екенін байқадым. Қазақстанның екі туристік агенттігінің өкілімен байланыс орнаттық. Енді серіктестікті нығайтып, қоян қолтық жұмыс істеуге ниеттіміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы