Адам неліктен суретті нашар салады?
Адам көрген нәрсесін қарындаш немесе қылқаламмен суреттеуі бірнеше факторға негізделген. Оларға шынайылықты қабылдау, визуалды есте сақтау сияқты қасиеттер жатады.
Лондон зерттеушілерінің айтуынша, әр адам қарапайым жаттығулар арқылы сурет салу қабілетін жақсарта алады.
Егер адам суретті әдемі әрі дұрыс салмаса, қоршаған орта қалай болса, солай қабылдай алмайды деген сөз. Оның визуалды жүйесі объектке дұрыс сипаттама бере алмайды.
Яғни, өлшемі, көлемі және формасын анықтауда қателеседі. Бір жағынан бұл адамға кеңістікте жол табуға көмектеседі.
Сурет сапасы автордың есте сақтау қабілетіне тікелей байланысты. Егер суретшіде бұл қасиет жақсы дамыған болса, ол қағазға көрген суретін айнытпай түсіре алады.
Психолог Ребекка Чемберленнің айтуынша, тұрақты жаттығулер мен тәжірибе адамның бейнелеу өнерін шыңдайды. Әркім жаттығуларды шамасы жеткенше орындауға тырысу қажет.
Біріншіден, белгілі бір суретті кенеп мата өлшеміне сәйкестендіріп салу керек. Екіншіден, өлшем, форма және кеңістіктегі объект бөлшектерінің арасындағы бос орынға мән берген жөн.
Егер адам сурет салуды үйренісі келсе, күн сайын жаттығуы қажет.
Интернет материалдарынан алынды
ФОТО: kid-paint.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы