14 желтоқсан күні сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты қалалық студенттер форумы өтеді.
Іс-шараға Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары С.К.Ахметов, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары С.О.Нұрғожин, қалалық «Астана жастары» МКМ жетекшісі А.Н.Нұрпеисов және астаналық ЖОО-ның белсенді студенттері қатысады.
Жиын соңында патриоттық әндер шырқалып, қарар қабылданады.