Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

11.12.2015
 Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстан басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысында тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.

Хабарламаларға жазылу