Басты Жаңалықтар Астанада жаңажылдық демалыс кезінде қоғамдық көліктердің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды

Астанада жаңажылдық демалыс кезінде қоғамдық көліктердің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды

Астанада жаңажылдық демалыс кезінде қоғамдық көліктердің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды

Астанада жаңажылдық демалыс кезінде 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін қоғамдық көліктің арнайы қозғалыс кестесі ұйымдастырылды.

Жаңа жыл кешінде Астанада қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі түнгі сағат 1:00-ге дейін ұзартылды.

2017 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін барлық қалалық бағдарлар қозғалысының аралығы 20 минуттан болады, ал, 10:00-ден кейін демалыс күндердің кестесі  бойынша жүреді. Қала маңы бағдарлары №№ 303, 304, 306, 307, 308 таңғы сағат 6:30-дан 10:00-ге дейін 30 минут сайын, 10:00-ден кейін демалыс күнгі кесте бойынша жүретін болады.

2017 жылдың 2 және 3 қаңтарында барлық маршруттар демалыс күнгі кесте бойынша жүреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бөлісу