Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады

18.11.2015
Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин толыққанды WBC чемпионы атануы мүмкін. Ол үшін пуэрторикалық Мигель Котто мексикалық Сауль Альваресті жеңуі тиіс, деп хабарлай Аllboxing.ru.

Мигель Котто жеңіске жететін болса, белбеу иесіз қалады. Сондықтан WBC ұйымы бұл атақты Головкинге береді. Өйткені қазақстандық боксшы бұл тұжырым бойынша «уақытша» Әлем чемпионы.

Алайда, 21 қарашада өтетін жекпе-жекте Сауль Альварес ұтатын болса, онда чемпиондық белбеуді мексикалық спортшы иеленеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) 35 жастағы Мигель Коттодан орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Себебі ұйым Котто мен Альварестен 600 мың (әрқайсысынан 300 мың) доллар талап еткен еді. Осыған қоса Golden Boy және Roc Nation промоутерлік компаниялары да 25 мың доллардан беру керек еді.

Бұған дейін Roc Nation компаниясы Геннадий Головкинге Альвареспен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бергені үшін оның командасына 800 мың доллар төлеген. Осының барлығын Котто тым көп сомма деп есептеп, ақша беруден бас тартқан.

Айта кетейік, Котто-Альварес жекпе-жегі 21 қарашада Лас-Вегастағы (АҚШ) «Mandalay Bay» аренада өтеді.

Хабарламаларға жазылу