«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық копаниясы мен «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Казкоммерцбанкке «Ресми Банк – Көрменің серіктесі» мәртебесі берілді. Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов қол қойды.
«Қазақстандық аса ірі банкпен серіктестік қарым-қатынас орнату ЭКСПО-2017-ге дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі. Біз бүгін аймақтық деңгейдегі бәсекелестері үшін сапа стандарттарын беретін Қазақстанның аса ірі компанияларының бірімен кезекті меморандумға қол қойғанымызға өте қуаныштымыз», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма төрағасы А. Есімов.
Меморандум аясында, Казкоммерцбанк ақша салымын ұсынып, ЭКСПО-2017 аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша инфрақұрылым жасайды. Бұған қоса, кіру билеттерін банктің төлем жүйесі, сондай-ақ филиалдық бөлімшелер желісі арқылы он-лайн өткізу, көрмеде қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау мүмкіндігін және ЭКСПО-2017 ниеттестік жүйесін қамтитын бірлескен банктік айрықша өнімдер жасау жоспарлануда.