Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі (ВИДЕО)

13.11.2015
Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі (ВИДЕО)

Сан түрлі дертке шипа болатын асқабақтың елімізде 13 түрі өседі. Дәрігерлер күнделікті ас мәзіріне асқабақтан жасалған тағамдарды міндетті түрде енгізу қажеттігін айтады. Әсіресе, қыс айларында жиі тұтынған жөн. Себебі, ол ағзаға күш-қуат береді.

Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жолдары ауруларының алдын алуға да септігін тигізеді.

Егер, байқаусызда ыстық суға күйіп қалсаңыз, денеңізге бірден асқабақтың ұлпасын тартыңыз. Артық салмақтан арылып, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, асқабақ диетасын ұстауға болады. Ал, оның дәнегі жүйке жүйесін тыныштандырады. Дәнектің құрамындағы мырыш есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қызметін реттейді.

Асқабақ жемісінің бұдан өзге қандай  пайдасы бар? «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу