Түркиялықтар Шымкент қаласының даму тұжырымдамасына қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялықтар Шымкент қаласының даму тұжырымдамасына қызығушылық танытып отыр

12.11.2015
Түркиялықтар Шымкент қаласының даму тұжырымдамасына қызығушылық танытып отыр

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Түркиялық инвесторлардың айтуынша, қазақ-түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие.

Айта кетейік, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытуда. Қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent city»  заманауй тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды.

Өз кезегінде, түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі аквапарк пен "Дисней Ленд" жобасына қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкенттің жарқын келешегін бағамдай келе, қонақтар сөзін «Шымкент – Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді» - деген тілектерін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу