Астанада жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды

11.11.2015
Астанада жаңа көкөніс сақтау қоймасы ашылды

Оның құрамына оған іргелес жатқан өңірлердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары кіреді. 

«Бүгінгі күні қалада жалпы сақтау сыйымдылығы 29 мың тонна болатын көкөніс сақтауға арналған жеті қойма жұмыс істейді. Алайда әзірге көкөністің мұндай 60 мың тонна көлемі халықтың қажеттіліктерін толығымен жаппайды.  Қалған қажеттілікті жабу үшін қазіргі кезде 14,4 мың тоннаға есептелген төрт көкөніс сақтау қоймасы салынып жатыр, олардың біреуі осы жылы пайдалануға дайын»,-деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш мәселеге қатысты Астана қаласының «АмалА2009» ЖШС директорының орынбасары Талғат Әбілов: «Ғимарат осы жылы салынды, ол Қазақстанның жергілікті өндірушілерінен көкөніс пен жеміс-жидектерді қабылдап алуға толығымен есептелген. Әрқайсысының сыйымдылығы жеті мың тонна болатын бөлек орындардан тұрады. Біздің көкөніс сақтау қоймамызда Голландиялық өндіріс техникасы пайдаланылады. Көкөністер контейнерлерде сақталады. Көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтауға арналған 10 секция бар, 6 секциясы  тоңазытқыш жабдықтар, онда цитрус жемістері, қияр мен қызанақ сақталады»,-дейді. 

Елорда әкімдігінің баспасөз мәліметтері бойынша, Астана халқының жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сақтауға деген қалған қажеттілігі 2017 жылы жабылмақ.

 

Хабарламаларға жазылу