11 қараша - әлемге әйгілі америкалық актер әрі продюсер Леонардо Ди Каприоның туған күні. Ол 1974 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында дүниеге келген.
Ди Каприо актер болуды бала күнінен армандаған. 10 жасында-ақ бірнеше жарнамалық роликтерге түсіп үлгереді. 14 жасында «Санта-Барбара» және «Растущая боль» сериалдарына түседі.
Жас актердің бұл саладағы маңызды қадамдарының бірі 1991 жылы «Правдивая история этого парня» және «Зубастики-3» картиналарынан көрініс табады. 19 жасында «Что гложет Гилберта Грейпа» фильміне түсіп «Оскар» сыйлығына номинант атанған.
Осылайша, 1994 жылы «Быстрый и мёртвый» және «Дневник баскетболиста» фильмдерінде басты рөлді сомдауға шақырту алады. Ди Каприо түскен туындылардың ішіндегі ең танымал кинокартиналар - «Ромео и Джульетта» (1996 ж.) және «Титаник» (1997 ж.).
Актер «Титаниктағы» рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылған.. Сондай-ақ, «People» журналының нұсқасы бойынша «Әлемдегі ең әдемі адамдар» тізіміне еніп, Голливудтағы табысты актерлердің біріне айналды. Біршама уақыт өткен соң «Авиатор», «Кровавый алмаз» және «Волк с Уолл-стрит» фильмдеріндегі үздік рөлдері үшін үш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылған.
Сондай-ақ, Ди Каприо кино әлемінде «Пляж», «Банды Нью-Йорка», «Отступники», «Совокупность лжи», «Революционная дорога», «Остров проклятых», «Начало», «Великий Гэтсби», «Джанго освобождённый» фильмдеріндегі рөлімен қатар, аталмыш картиналардың продюсері ретінде әйгілі.