Павлодар тұрғындары алаңдатқан мәселелерін WhatsApp арқылы тікелей әкімге жеткізе алатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар тұрғындары алаңдатқан мәселелерін WhatsApp арқылы тікелей әкімге жеткізе алатын болды

02.11.2015
Павлодар тұрғындары алаңдатқан мәселелерін WhatsApp арқылы тікелей әкімге жеткізе алатын болды

Бұдан былай облыс орталығының тұрғындары қаланы абаттандыру мәселелері бойынша шаһар басшысына тікелей хабарласа алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Ғазизовтың айтуынша, павлодарлықтар көшенің санитарлық жағдайы, коммуналдық қызмет жұмысына көңілі толмаған жағдайда +7-775-383-18-51 нөмірі арқылы WhatsApp қосымшасының көмегімен хабарлай алады.

Кейін ұялы телефон арқылы жіберілген фотосуреттер мен бейнежазбаларды әкім өзі қадағалап, шұғыл түрде тиісті шараларды қолға алатын болады.

«Өзімнің орынбасарларыммен және ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшыларымен қаланы аралап тексереміз. Өкінішке қарай, көшелердің барлығына барып, аулаларды қарап, тұрғындармен сөйлесу мүмкіндігі болмайды. Шұғыл желі арқылы қалалықтарды алаңдатқан мәселелер жайында біліп отырамыз», - дейді қала әкімі Болат Бақауов.

+7-775-383-18-51 шұғыл желі WhatsApp арқылы кері байланыс жасау мақсатында жасалған. Сурет немесе бейнежазба жіберушіге жауап келмесе де, тұрғындар хабарламаның әкімге жеткеніне сенімді бола алады.

Хабарламаларға жазылу