«Таңшолпанда» - Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән фестивалінің жеңімпазы Ұлпан Әбдікәрімова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән фестивалінің жеңімпазы Ұлпан Әбдікәрімова

28.10.2015
«Таңшолпанда» - Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным»  ән фестивалінің жеңімпазы  Ұлпан Әбдікәрімова

Бүгін «Таңшолпан»  бағдарламасында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық  ән фестивалінің гран-при иегері Ұлпан Мейрамбекқызы Әбдікәрімова қонақта болып, байқаудан алған әсерімен бөлісті.

«Сайыстарға 3 жасымнан бастап қатысамын. Сахнада эстрада жанрындағы әндерді орындадым. Еліміздің композиторларының кең тынысты әндерін  айтып өстім. Үлкен сахнаға тәрбилеген ұстазыма алғысым шексіз», - дейді Ұлпан Әбдікәрімова.

Сұхбат барысында байқауда орындаған әндері туралы айтты.

«Фестивальде «Ақ маңдайлым»,  «Ақ ерке – ақ Жайық», «Құшақ жайған қандай адам?» әндерін орындадым. Биылғы бәйге маған бұйырған екен. Өте қуаныштымын», - дейді ол.

Ұлпан Әбдікәрімованың сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу