Талдықорғанда «Жұлдызай-2015» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Жұлдызай-2015» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

15.04.2015
Талдықорғанда «Жұлдызай-2015» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі өтті.

Байқау жас дарындардың өнерін шыңдауға бағытталған. Оның ішінде вокалдық, ыммен айту, аспаппен орындау, би және қолөнер шеберліктерін дамытуды көздейді.

Еңбекшіқазақ ауданынан келген Ұлпан Сапақ ән айтуды ұнатады. Туабіткен дерті жас жеткіншекті 12 жасында қол арбаға отырғызды.

Бірақ, бұл Ұлпанның сахнаға шығуына, сурет салып, түрлі қолөнер туындыларын жасауына еш кедергі емес.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу