Бүгін – Бағдат Сәмеди­но­ваның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Бағдат Сәмеди­но­ваның туған күні

05.02.2015
Бүгін – Бағдат Сәмеди­но­ваның туған күні

Мектеп жасынан сахнаның қа­дірін түсініп, ел алдында ән са­лып, би билеген Бағдат Сәмединова үшін­ші сыныпта мектепаралық байқауда «Менің Қазақстаным!» әнін шырқап, жүлдеге ие болады.

«Ол кезде мектепте бір ғана баян бар. Со­ның сү­йемелдеуімен ән сала­мыз. Басқа қандай әндер айтқа­ным есімде жоқ, бірақ, әнұранды айтып, сыйлық алғаным есімде»,-дейді әнші.

Кейін Алматыға келіп, Ж.Еле­беков атындағы респуб­ликалық эстрада-цирк студиясында, халық әндеріне ерекше мән беретін, қа­зақтың халық әндерінің жа­нашыры болған Нәдия Шә­ріпова сынды білгір ұстаздың алдын көреді.

Бүгінде әнші ұстазының «Сенің даусың ешкімге ұқса­майтын халықтық дауыс», деп қамқорлық танытқанын әрі сағына, әрі қуана еске алады.

Бағдат Сәмеди­но­ва – өзіндік мектебі қалып­тасқан әнші. Өнер әлемінде, сахна төрінде жүрген ол қырық жылға жуық «Қазақконцерт» бірлестігінде  еңбек етіп келеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми сайтының мұрағатында Бағдат Сәмединованың таяуда өткен шығармашылық кеші толық нұсқада сақталған.

Біздің анықтама:

Бағдат Сәмединова – 1954 жылы 5 ақпанда Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген.

1975 жылы қазіргі Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін, 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Әнші республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Бішкек қаласында өткен А.Малдыбаев атындағы халықаралық өнер жарысының жеңімпазы атанған.

«Сазген» ансамблінің құрамында Италияда өткен фольклорлық фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алған. ҚР Еңбек сіңірген әртісі концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерінде болды.

Медальдармен, «Құрмет» грамоталарымен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу