«Егемен Қазақстан» газетінің жанынан ардагерлер кеңесі құрылады
«Егемен Қазақстан» газетінің жанында ардагерлер кеңесі жұмыс істейтін болды. Басылым басшысы Дархан Қыдырәлінің ұсынысын редакцияның қорытынды жиынына қатысқан - басылымда ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған, бүгінде зейнетке шыққан аға буын өкілдері бір ауыздан қолдады.
Газеттің бүгінгі ұжымымен кездескен Қойшығара Салғара, Сауытбек Әбдірахманов, Төлен Әбдіков, Әділ Дүйсенбек, Жұмагүл Солтиева, Жанат Елшібек және Қайсар Әлім сынды қаламы қарымды ардагер журналистер алдағы жоба-жоспарлармен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Редакцияда дәстүр сабақтастығы жаңашыл үрдістермен сәтті жалғасын тауып жатқанына ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында редакция тарапынан ардагерлерге сый-сияпат жасалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41