Журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны» атты кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны» атты кітабы жарыққа шықты

09.10.2015
Журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны» атты кітабы жарыққа шықты

Елімізге танымал журналист, публицист Сәкен Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. 

Қазақ тіліндегі тұңғыш футбол энциклопедиясы деуге тұрарлық еңбек спортсүйер қауымға, футбол жанкүйерлеріне арналған.

«Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен кітабымыз жарыққа шықты. Мұнда 1930 жылдан 2014 жылғы чемпионатқа дейінгі ойындар: шолулар, іріктеу ойындары, финалдық турнирлер, матч хаттамаларымен, түрлі-түсті фотосуреттерімен түгел қамтылған. Әзірге сүйінші даналары ғана қолға тиді», - дейді кітаптың авторы.

Осы салада талай жылдан бері еңбектеніп, футбол тарихын зерттеп жүрген Сәкен Сыбанбайдың айтуынша, кітапта оның 30 жыл бойы жинаған еңбектері түгел қамтылған.

Онда әр чемпионаттың шежіресі жан-жақты әрі жеке-жеке жазылған және әлем халқы ерекше ынтызарлықпен көз тігіп қарайтын дүбірлі доданың іріктеу ойындарынан бастап, шешуші сындарына дейін толық қамтылған.

Финалдық турнирлердің бүкіл ойындары ресми хаттамаларымен ұсынылған. Сондай-ақ  әр чемпионаттың үздік футболшылары, жеңімпаздар, бапкерлер мен құрама командалар туралы да салмақты әңгіме өрбиді.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу