Қ.Келімбетов: 1 миллион теңгеге дейін депозиттері бар азаматтардан өтемақы үшін өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды
Теңгенің еркін бағамына орай, 1 миллион теңгеге дейінгі депозит иелерінен өтініш қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылды.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлім етті.
«Бүгінгі күні бір миллион теңгеге дейін депозиттері бар тұлғалар үшін өтініштер қабылдау бойынша барлық банктер жұмыс жасауда. Президент Жарлығына сәйкес, өтініштерді қабылдау 1 желтоқсанға дейін ұзартылады. Ұлттық банк атынан біз азаматтарды тезірек әрекет етуге шақырамыз. Өйткені қазан-қараша айларында жұмыстың негізгі бөлігін бітіруге тиіспіз», - деді Қ.Келімбетов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейдегі кей мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылмақ
30.09.2026, 13:22
Ұлыбританияда оқу жүйесіне ЖИ енгізу мәселесі қызу талқыға түсті
30.09.2026, 13:20
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді
30.09.2026, 13:05
Азиада: Дзюдо финалы басталды
30.09.2026, 13:02
Қазақстан мен Германия 30-дан астам құжатқа қол қойды
30.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау»
30.09.2026, 10:13
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында ең жоғары өсім көрсетті
30.09.2026, 08:37
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27